Қызылтам қалашығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Қызылтам қалашығы (ХІІ-ХІХ ғғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Шиелі ауданы, Жансейіт ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде орналасқан.

Сипаты

Ескерткіш Ақтөбе қалашығынан шығысқа қарай 3-4 км жерде орналасқан.
Қабырғаларының қалыңдығы – 3 м, биіктігі 4-5 м, жалпы аумағы – 70х70 м. Төртбұрышты болып келген қабырғасының кейбір жерлері бұзылған. Бұл жерде ешқандай қазып тазалау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қалашық кезінде қалмақ ханы Тоқбураның ордасы болған. Деректерде Бестам туралы былай деп айтылған: "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" кезінде бұл бекініс қалмақ қоңтайшысы Үнжінің қол астында болды. Бестамға көңіл аудармаған ол, Шиелі өзенінің жанынан Қызылтам қамалын салуды бұйырады және онда жиі тұрған. Ақтөбеде оқ-дәрі өндіруді ұйымдастырған".
Қызылтам мен Ақтөбені байланыстырып тұрған жер асты жолы бар деген сыбыс бар. Он жыл бұрын жергілікті бағбандар осы жермен бау-бақшаға су жіберген. Жол-жөнекей су бір шұңқырға құйылған. Нәтижесінде ол шұңқыр тереңдей түскен. Сол кезде бағбандар суды тоқтатып, шұңқырды мұқият жерттей бастайды. Біраз зерттегеннен кейін олар шұңқырдың айналасынан күйдірілген кірпіштен қаланған туннельді көреді. Осы оқиғадан кейін ешкім туннельді зерттемеген.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер