Уәлі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Уәлі қалашығы (X-XIII ғ.) – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Маңғыстау ауданы, Сайөтес ауылынан 58 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан.

Сипаты

Ескерткіш Маңғыстаудың "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен анықталған.
Қалашық ауданы 10 га, биіктігі 2 м, ені 30-35 м, жоспарда жер асты құрылысы бар 300×170 м, шығыс-батыс кіндік сызығы бойымен созыла орналасқан. Солтүстік-батыс бөлігінде ені 10 м жал өтеді. Жалдың үстінде 2 қабатты ені 2 м тас қабырғаның қалдығы орналасқан. Жалдан асып кірер жерде солтүстік-батыс бөлікте цоколды бір қабатты төртбұрыш құрлыс орны бар. Осы жерде бір қатарлы құрлыс 70×30 м сақталған. Отүстік-шығыс бөлікте орналасқан жалдың етегінде тағы да бірді-екілі бөлмелі құрлыстың ірге тасы сақталған. Жалдың батыс бөлігінде моңғол шапқыншылығына дейінгі кезеңдегі қызыл саз қыш ыдыстың сынықтары кездеседі.<ref> М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер