Ханқорған ортағасырлық қаласы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Ханқорған ортағасырлық қаласыТүркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері, сипаты

Сурет:Ханқорған қалашығы. Қазба.jpg
Ханқорған қалашығы. Қазба. А. Ергешбаев түсірген фотосурет.

Сайрам ауданы, Ханқорған (бұрынғы атауы Мадани) ауылының солтүстік-батыс шетінде орналасқан. Ол Арыс өзенінің арнасының сол жағасындағы биік емес жайылма үстіне тұрғызылған. Дөңгелек жоспарлы қаланың шығыс жағындағы еңіс келген жағында қақпа орны бар.

Тарихи деректер

Археологиялық ескерткіште қоныстанудың бірнеше кезеңі мен хронологиялық аралығы бар. Тұрғын үй құрылымының өмір сүруінің ең ерте кезеңі VI-VIII ғасырларға, ал кейінгісі XVIII-XIX ғасырларға жатады.
Аталған археологиялық нысанның киелілігі қаланың өмір сүруінің кейінгі кезеңі XVIII-XIX ғасырларға байланысты және Абылай хан мен оның ұрпағы Сыздық (Садық) сұлтан есімдеріне қатынасы күмін келтірмейтін Ханқорған атауының шығуынан жақсы көрініс тапқан.
Қасымұлы Кенесары сұлтанның ұлы Садық сұлтанның автобиографиясын жариялаған Е.Т. Смирновтан төмендегідей жолдарды оқуға болады: "Қазіргі уақытта Садық сұлтан Шымкент уезі, Арыс өзенінің бойы, Қарабұлақ сарт ауылынан алты верст солтүстіктегі бір кездері оның бабасы қырғыз (қазақ) ханы Абылай ханның ордасы болған Ханқорғанның қиранды орнына жақын тұрады...". Аталған автобиография Сыдық сұлтанның тапсырмасы бойынша оның бауыры Кенесарыұлы Ахмет сұлтан жазған қолжазба 1877 жылы Е.Т. Смирновқа жеткізіледі.
Жергілікті тұрғындар бүгінгі күнге дейін Ханқорғанда Абылай ханның болғандығы және оның өмірінің соңғы күндері туралы аңыз әңгімелерді сақтап келеді.<ref>Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер