Төрткөл (көне қала орны)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:21, 2026 ж. қаңтардың 23 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық
Төрткөл – көне қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Талас ауданы, Бостандық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км қашықтықта, Тараз – Бостандық автомобиль жолының сол жағында орналасқан.

Сипаты

Қалашыққа 1980 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы (жетекшісі К. Байбосынов) тауып, алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Қаланың қазіргі орны биіктігі 2,5 м болатын төртбұрышты төбе. Әрбір сыртқы қабырғасының ұзындығы 80 м. Қаланың орталық бөлігінде күзет мұнараларының орындары сақталып қалған. Мұнаралардың диаметрі 5 м. Қала үш жағынан терең ормен қоршалған. Ордың ені 8 м, қазіргі тереңдігі 1,5 м.
Қала орнынан керамикалық ыдыстардың, әйнектердің сынығы, қоладан жасалған бұйымдар табылды. Қала VIII-XII ғасырларда ірі сауда орталығы болған.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте