Пұшық Мардан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Пұшық Мардан – орта ғасырдың алғашқы кезеңіндегі шағын қала, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Отырар ауданы, Көкмардан ауылынан 4 км оңтүстік-батыста, Арыс өзенінің сол жағасында.

Деректер

1949 жылы А.Н. Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеу жүргізді.
Солтүстік жағынан бекініс орны түйісетін шағын тепе. Аумағы төрт бұрыштау, биіктігі 15 м, ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке 137 м, батыстан шығысқа қарай 110 м.<ref>Қазақ совет энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер