Наурызбас

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Наурызбас қалашығы (X-XII) – ортағасырлық қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Байзақ ауданы Байзақ ауылынан шығысқа қарай 6 км жерде.

Зерттелуі мен сипаты

1983 жылы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) археологиялық отряды (жетекшісі М. Елеуов) ашып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі орны әлемнің төрт тарапына бұрыштары қаратылған төбешік. Оның көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 30 м, батыстан шығысқа қарай 45 м, биіктігі 1 м. Қала ені 6-8 м, биіктігі 2 м үйінді жалмен қоршалған. Жалда 5 мұнара қалдығы сақталған.
Археологиялық зерттеу барысында құмыра, тостаған, келі, т.б. шаруашылыққа қажетті бұйымдар жинастырылды. Алынған заттарға қарағанда Наурызбасты халық X-XII ғасырларда мекендеген. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер