Сарғау

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Сарғау – көне қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жамбыл облысы, Шу ауданы Оразалы батыр ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км қашықтықта орналасқан.

Сипаты

1986 жылы ҚазМУ археологиялық отряды (жетекшісі М. Елеуов) ашып, алғаш зерттеу жұмысын жүргізген.
Қазіргі орны төрткүл түріндегі бұрыштары әлемнің төрт бұрышына қараған көлемі 35х45 метр тікбұрышты келген төбешік. Оның айналасында ені 6-7 м, биіктігі 1 м шамасында мұнара қалдықтары бар үйінді жал орналасқан. Жинастырылған материалдар: сырланбаған құм, құмыра, көзе, тостаған, т.б.
Зерттеу жұмыстары кезінде табылған заттар қалашық X-XII ғасырда көркейгендігін айғақтайды. Оны мекендеген халық егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте