Моншақты асар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Моншақты асар (б.д. V-ІХ ғғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш, көне қоныс орны.

Орналасқан жері

Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 48 км жерде, Сырдария өзені бойында орналасқан.

Сипаты

Жетіасар өңіріндегі қалалық қоныстардың бірі. Қаңлы мемлекеті кезеңіндегі қала мәдениеті ескерткіштеріне жатады. Екі-үш қабатты төбе. Ескерткіш қалдықтарының биіктігі 8 м, 18 га жерді алып жатыр. Бекінісі ирек жоспарлы. Б. з. д. 7 ғ – б. з. 8 ғ. аралығын қамтиды. Бірнеше мәдени қабаттардан тұрады. Моншақты асар арнайы жан-жақты зерттелмеген. Археологтар С.П. Толстов (1947, 1966) және Л.М. Левина (1970–1990) археологиялық зерттеулер нәтижесінде Жетіасар өңірінің мәдени-тарихи өміріне байланысты ішінара ғылыми тұрғыдан пікір айтқан.<ref> «Сыр елі энциклопедиясы»</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер