Күйікқала

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Күйікқала қалашығы (I-IX ғғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш, көне қала орны.

Орналасқан жері

Қазалы ауданы, Кәукей ауылынан батысқа қарай 14 жерде, Жаңадария мен Қуаңдария өзендерінің аралығында, Жанкент көне қаласынан 18-20 км жерде орналасқан.

Сипаты

1946 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П. Толстов) зерттеген, 2006 жылы Шірік Рабат археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ж.Қ. Құрманқұлов) географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірген.
Ескерткіш жоспарында бұрыштары мен кіріңкі жерлері доғаланып жасалған тікбұрыш пішінді, аумақтық өлшемдері 145х290 м. Солтүстік бөлігінде цитадель (50х50 м) бар. Қалашық ені 10 болатын терең емес ормен және қам кесекті қабырғамен қоршалған. Үстінен күл қабаты және сынған ыдыстардың (күңгірт-сұр және қызыл-қоңыр ангоб), қола бұйымдардың сынықтары, моншақтар кездеседі.
Археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген, тек 1946 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы жоспарын жасап, мерзімін анықтаған.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер