Дөкей

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Дөкей қалашығы – ортағасырлық қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Меркі ауданы, Сұрат аулынан 4 км оңтүстікке қарай орналасқан.

Зерттелуі, сипаты

Ескерткішті 1988 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің Археологиялық Экспедициясы (жетешісі М. Елеуов ашып зерттеген.
Қалашықтың қазіргі орны әлемнің төрт бұрышына бағытталған көлемі 45х45 м шаршы төбешік. Ол ені 5 м, биіктігі 0,3-0,8 м дуалмен қоршалған. Оның кейбір жерлері ені 1-1,5 м, биіктігі 0,2-0,3 м тастан қаланған. Қалашықтың оңтүстіктен шығатын қақпасының баыс жағында мұнара орны сақталған. Шығатын жерден шығысқа қарай 20 м аралықтан көлемі 1×1 м тікқазба (шурф) түсірілген. Одан сырсыз жасалған құман, табақ, құмыра, көзе, т.б. тұрмыстық-шаруашылық ыдыстар сынықтары табылған. Алынған материалдарға қарағанда Дөкейді X-XII ғасырларда мекен еткен халық егін егіп, мал өсірумен шұғылданған.<ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте