Бектөбе

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:21, 2025 ж. қыркүйектің 30 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Бектөбе қалашығы – VII-XII ғасырлардағы қаланың орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылының батыс шетінде орналасқан.

Зерттелуі

Қалашықты 1938 жылы КСРО ҒА Қазақ бөлімшесі мен ММТИ-дің Жетісу археологиялық экспедициясы ашып, зерттеген А.Н. Бернштам. 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы, 1989 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ҚР Тарих және мәдени ескерткіштер жинағының археологиялық экспедициясы (К.М. Байпақов), 2000 жылы ҚР ҒА АИ-ның тарихи және мәдени ескерткіштері Жинағының археологиялық экспедициясы зерттеген (К.М. Байпақов, Д.А. Лобас). 2010 жылы "Археологическая экспертиза" ЖШС ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С. Ақылбек, Ш. Құдабаев) зерттеп, құралмен жоспарын түсірді.

Сипаты

Қалашық ортағасырлық Джамукат қаласына баланады.
Бұрыштарымен төрт тарапқа бағытталған тікбұрышты төбенің табанындағы өлшемі 312х343 м, биіктігі 6 м, үстіндегі алаңның көлемі 100х120 м. Қалашықтың барлық төрт бұрышында мұнаралар болған және айналасында ұзын қабырғаның қалдықтары сақталған. Ұзын қабырғалар мен қалашықтың негізгі төбесінің арасында онша биік емес топырақ төмпешіктер түріндегі құрылыстардың құландылары аңғарылады.<ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref><ref>Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Жамбыл ауданы. – Алматы, 2010. 212 б. ISBN 978-601-7253-04-2</ref>

Тараз қаласына серіктес "бекініс төбе" деген мағынаны білдіреді, әлі де орыны сақталған. VII-VIII ғасырларда соғды тайпалары соққан бекініс. Бекініс туралы араб жылнамашылары жазғандай "Атлах" шайқасы кезінде арабтардың қорғаныс орталығы болған. 1219 жылы моңғол-татар шапқыншылығы кезінде Бектөбе қалашығы "керуеншілерді қала ішіне жібереміз" деп алданып, жеңіліс табады. Қалада қолөнер, зергерлік, құмыра шеберханасы, монета жасау дамыған.<ref>Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте