Алтынтөбе (Отырар аймағы)
Үлгі:Көне қалашық Үлгі:Мағына Алтынтөбе – орта ғасырлардан сақталған көне қала орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Отырар қаласының оңтүстік-батысында 7 км жерде орналасқан.
Зерттелуі
Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы 1947, 1949 жылдары (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1969-70, 1986 жылдары (жетекшісі К.А. Ақышев) зерттеген.
Сипаты
Қала орны солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан төртбұрышты төбе. Сыртқы қорғаныс қабырғалары солтүстіктен оңтүстікке қарай 950 м, батыстан шығысқа қарай 500 м. Цитаделі мен шаһристаны орта тұсында орналасқан. Цитадельдің биіктігі 12,5 м, аумағы 100х100 м. Оңтүстік шетінде орналасқан шаһристанның сыртынан қоршаған дуалдың әр жерінде күзет мұнараларының орындары сақталған. Қабырғаларының аумағы 100х160 м, биіктігі 6,5 м. Жүргізілген қазба жұмыстары кезінде қыштан, шыныдан жасалған ыдыстар, темір заттардың қалдықтары табылды. Бөлмелердің бірінің еденінен табылған түргеш дәуірінің теңгелері қаланың уақытын анықтауға көмегін тигізді. Ол Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерінде VIII-X ғасырлар аралығында пайдаланылған. Құйрықтөбе, Көкмардан, Марданкүйік, тағы басқа қалалар секілді Отырардың серігі болған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> Қазба кезінде алынған заттай деректер қаланың біздің заманымыздың басында қалыптасып, XI-ғасырға дейін болғанын көрсетеді.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.
«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>
Сілтемелер
- Алтынтөбе - Отрар ауданы әкімдігінің ресми сайтыҮлгі:Deadlink
- Алтынтөбе кен орны / Көрнекті орындар / Портал visitkazakhstan.nur.kz