Бүртікше (анатомия)
Бүртікше (Үлгі:Lang-en - мағынасы 'кішкентай бүртік', латын тілінде 'кертпек') — анатомия бойынша, өсімдіктер мен жануарлардың ішкі-сыртқы органдарында кездесетін домалақ бұдыр, ұсақ бүртік, немесе қожырмақ өспе.
Өсімдіктерде
Бүртікше негізінен қожыр секілді бұдыр болғанымен, бірақ ол өсімдіктер мен жануарлардың қай тұқымына қаратылғанына қарай біраз өзгеше мағынаға ие болады.
Белгілі орхидеялар мен кактустар туралы болғанда, ол еріншеде (Labellum) орналасқан дөңгелек түйін, кішкентай бүртік немесе қожырмақ өспені білдіреді. Олар сондай-ақ Подера ретінде белгілі. Бұршақ тұқымдасының кей мүшелері туралы сөз болғанда, тамырларда кездесетін қожырмақ асқынулары (the wart-like excrescences) айтылады.
Саңырауқұлақтарда
Микологияда бүтікше саңырауқұлақты қалыптастырған топты гифаны (hyphae) көрсетеді.
Хайуанаттарда
Егер бүртікше Теңіз лимоны (Peltodoris nobilis) секілді белгілі бір нудибранкке (nudibranch) қатысты қолданылса, онда ол жануардың арқасындағы бүртікшелерді білдіреді. Нудибранктердегі бүртікшелер әртүрлі көрінеді: әр бүртікше дара, домалақ, конусты немесе бұрышты формада болады, , немесе 2 не одан көп қабаттардың құрама формасында болады, бүртікшелер қосылып шоғырлы бүртікшелер қалыптастырады, тб.
Бүртікше өркешті киттің басы мен алдыңғы қапталынан байқалатын бүртікшелер сұйықтық динамикасындағы бүртікшелер әсерін көрсетіп, ескекшелері (flipper) бетіндегі сұйықтық ағынын жақсартуға көмектеседі.<ref>Leading-edge tubercles delay stall on humpback whale (Megaptera novaeangliae) flippers Үлгі:Webarchive, DS Miklosovic, MM Murray, LE Howle, FE Fish, Physics of Fluids (1994-present) 16 (5), L39-L42, 2004</ref>
Динозаврларда бүртікшелер тері қабыршақтарына қаратылатын жалпылық термин. Мысалы, үйректұмсық динозаврларда бүртікшелердің негізгі үш түрі байқалады: анық тәртібі жоқ ұсақ бүртікшелер (таған бүртікшелері); диаметрі 1см дейін баратын үлкенірек полигонды бүртікшелер (төсеніш бүртікшелері), олар таған бүртікшелері бойынша бөлініп, кластерлерге топтасады; және үшіншісі жарғақ (limpet) тәрізді конус қабыршақтар (scutes).<ref name=LW42>Үлгі:Cite book</ref>