Гиподерма

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:38, 2022 ж. ақпанның 12 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Skin.png
Терінің қабаттары

Гиподерма (грекше «hypo» — төмен, астында, қалыптан төмен; «derma» — тері) — терінің ең төменгі май қабаты.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Құрылысы

Төменгі май қабаты дермаға жабысып тұрады және ол борпылдақ дәнекер ұлпасының майлы жасушаларынан пайда болған. Гиподерма қабаты арқылы теріге қантамырлары мен жүйке ұштары өтеді.

Қызметі

Гиподерма соққыларды жұмсарту, ішкі мүшелерді зақымданудан қорғау және жылуды сақтап, май қорының энергия көзі ретінде жинауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл төменгі қабат ағзаны сусыздандырудан сақтайтын су қоры қызметін де атқарады.<ref>"Биология". Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 8-сыныбына арналған оқулық. Нұр-Сұлтан, 2019 ж.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Wikify Үлгі:Stub