Гайморит

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:40, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ауру

Гайморитмұрынның екі жағында орналасқан гаймор қуысының қабынуы. Синуситтің бір түрі. Оны 1613–1685 жылдары аралығында ағылшын тәнтанушысы Н. Гаймор ашқан. Гаймориттің негізгі қоздырғыштары - инфекциялар мен бактериялар. Індет мұрын қуысы және қан арқылы гаймор қуысына түсіп, оны зақымдайды. Гайморит кезінде адам қатты әлсіреп, иммундық жүйесі төмендейді. Егер бұл ауруды дер кезінде емдетпесе мұрындағы ірін миға өтіп, менингит ауруын туғызуы мүмкін.<ref name="DSM_Jiti">Үлгі:Cite web</ref>

Ауру себептері

Гайморит негізінде тұмау, қызамық, қызылша және тағы басқа инфекция аурулардың асқынуынан туындайды. Кей жағдайда тіс тамырларының қабынуы да гайморитке әкеп соғады.<ref name="DSM_Odonto">Үлгі:Cite web</ref> Бактериялар мен басқа да инфекциялар гаймориттің дамуына жол ашады. Нәтижесіде адам ағзасы әлсіреп, аурулармен күресе алмағандықтан, басқа да ауру түрлері пайда болады. Сәл еңкейген кездегі шыдатпас ауру да гаймориттің белгісі.

Ауру белгілері

Жедел гайморит кезінде науқастың жағдайы күрт нашарлап кетеді. Бастапқыда ауру мұрынның бітеліп, демалудың қиындап, тамақтың ауруымен шектеледі. Одан соң мұрын қуысына түссіз, жасыл немесе сары сұйықтық аға бастайды. Науқастың дене қызуы көтеріліп, өзін әлсіз сезінеді. Сонымен қатар, гайморит кезінде қызу көтеріліп, адам тез шаршайды, тамаққа тәбеті болмай ұйықтау режимі бұзылады.<ref name="TopDoc_Gaymorit">Үлгі:Cite web</ref> Ал, гаймориттің созылмалы түрінде қызу онша көтерілмейді. Науқастың иіс сезу қабілеті төмендеп, бас ауру көп орын алады. Және науқастың есте сақтау қабілеті де, жұмысқа қабілеттігі де төмендейді.

Емдеу жолдары

Гаймориттің белгілері біліне салысымен жедел түрде дәрігерге барып емделу керек. Гаймориттің созылмалы түрінде хирургиялық емдеу жолдарын қолданған жөн. Сонымен қатар, бұл ауруды мұрындағы белгілі нүктелерге массаж жасау арқылы да емдеуге болады. Ал, гаймориттің жедел түрін қалыпты жағдайда емдеуге болады. Көп жағдайда гайморит кезінде антибиотиктер қолданады. Ең маңыздысы мұрын гигиенасын ұмытпауымыз керек.<ref name="OHKZ_Sinusitis">Үлгі:Cite web</ref>

Алдын-алу жолдары

Тұмау, қызылша, скарлатина тағы басқа аурулар кезінде жедел түрде емделу. Жұқпалы аурулардан аулақ жүру, өз-өзін жылы ұстау керек.<ref name="OnClinic_Lechenie">Үлгі:Cite web</ref><ref name="Aqualor_Prof">Үлгі:Cite web</ref> Сонымен қатар, иммундық жүйені көтеріп отыру керек. Жылына бір рет лор-дәрігерге тексеріліп отыру.<ref>https://medaboutme.ru/zdorove/spravochnik/bolezni/gaymorit_/</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер