Вольф — Паркинсон — Уайт синдромы
Үлгі:Ауру Вольф — Паркинсон — Уайт синдромы (Үлгі:Lang-en) — жүректің ішкі құрылысындағы туа біткен аномалиясы.
Бұл Кент шоғырының пайда болуымен ерекшеленетін қарыншалардың уақытынан ерте қозуының бір түрі. Кент шоғыры — сол жақ жүрекше және қарыншалардың біреуінің арасында орналасатын ақаулы шоғыр.
Бүкіл популяцияда кездесі жиілігі 0,1-0,3 пайызға тең, және әйелдерге қарағанда еркектерде жиі кездеседі.
Синдромды 1930 жылы Америка дәрігерлері Луис Вольф, Джон Паркинсон және Пол Дадли Уайт сипаттаған болатын.<ref>Үлгі:Cite journal</ref>
Диагностикасы
Электрокардиограммада қысқарған PR (PQ) интервалымен және дельта-толқынмен ерекшеленеді. PR (PQ) интервалы 0,12 секундтан аз болады.
Болжам
Синдром кез-келген жаста анықталуы мүмкін.
Синдромның үнемі болуы, әсіресе аритмия ұстамаларымен жүретін болса, жүрек ішілік гемодинамика бұзылыстарына әкеледі, ол жүрек камераларының кеңеюіне және миокардтың жирылу қабілетін төмендетеді.
Ауру ағымы тахиаритмияның жиілігіне және ұзақтығына байланысты болады. Кенет коронарлық өлім 4% жағдайда болады, әдетте фатальді аритмия нәтижесінен (жүрекшелер тыпыры, жүрекшелік тахикардия, жүрекшелер жыбыры).