Бери-бери

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:40, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ауру

Бери-бери (Үлгі:Lang-si — «әлсіздік») — тамақ құрамында тиамин (В1 дәрумені) жетіспеушілігінен туындайтын жүйке ауруы.<ref>О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0</ref>

В дәрумені (В1) көмірсу және май алмасуы үдерістерінің қалыпты өтуіне ықпал етеді. Оның тапшылығы адамның қанында пируват қышқылының жиналуына және оның жүйке жүйесінде жоғары концентрациясына әкеледі. Мұндай биохимиялық зат алмасу бұзылыстарының салдары ретінде жүйке жүйесінің зақымдануы («құрғақ бери-бери») — Вернике энцефалопатиясы (орта миының өткір зақымдануы), Корсаков синдромы, полиневрит және басқалары, жүрек-қантамырлар жүйесінің зақымдануы («ылғалды бери-бери») пайда болады. Сонымен қатар, балалардағы бери-бери де ерекшеленеді, оның симптоматикасы ересектердің ауруынан өзгеше болады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub