Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:40, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайыСолтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 48.

Кезеңі

XIX ғасырдың соңындағы ғимарат; мұражай 1924 жылы ашылды.

Тарихи деректер

Мұражай 19 ғасырдың соңында салынған сәулет өнерінің ескерткіштері болып есептелетін бірнеше ғимараттарда орналасқан.
Мұражайдың басты ғимараты бастапқыда Петропавлдық коммерсант Т. А. Аркелге тиесілі және провинциялық көпестік қаланың тарихи жоспарлануының үлгісі болып табылады. Ғимараттың сәулеттік келбетін мамандар эклетикаға жатқызады және қызыл кірпіштен салынған. Мұражай кешеніне сондай-ақ бұрын көпес Стреловтар отбасына тиесілі болған дүкеннің ғимараттары мен қойма үй-жайлары кіреді.

Мұражай сипаты

Бүгінгі таңда мұражай алаңы 2400 шаршы метрді құрайды, ал ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі аймақ тарихының әртүрлі кезеңдеріне арналып, 13 залға орналасқан экспозиция 350000-нан астам экспонаттан тұрады.
Мұражайдың інжу-маржандары арасында ежелгі әлемге арналған бөлімде тарихи жануарлардың сүйектері, қола дәуірінің керамикасы, түркі мүсіндері, көшпенді-қазақ халқының көне тұрмыстық заттары және т. б. ерекше құнды. Барлық артефактілер Солтүстік Қазақстан облысы аумағында табылды.
Мұражай экспозициясында «Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан», «Қазақстан - Ресей қарым-қатынасы» және «Тәуелсіздік кезеңіндегі Солтүстік Қазақстан облысы» атты үш залда ұсынылған Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің дамуына арналған бөлім ерекше орын алады.
Мұражай қызметкерлері қазақ және орыс тілдерінде шолу және тақырыптық экскурсиялар өткізеді.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер