Скрябин мұражайы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Скрябин мұражайы, Академик Скрябиннің мұражай үйі – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Тараз қаласының ортасында, Абай және Бурыл көшелерінің қиылысында орналасқан.

Сипаты

Мұражай 1962 жылы ашылған. Мұражай негізгі ғимараттан және гельминтологиялық лабораториядан тұрады. К.И. Скрябиннің 100 жылдық мерейтойына орай мұражайда реставрациялық жұмыстар жүргізіліп, мұражай ауласына ғалымға ескерткіш орнатылды. Мұражай 20 ғасыр басында салынған бір қабатты, аумағы 10 – 12,6 м болатын үй. Мұражай үйі 6 бөлмеден тұрады. Ол бөлмелерге ғалымның жеке заттары, құжаттары және өміріне қатысты материалдар қойылған. Ғалымның жұмыс бөлмесінің келбеті жасалынып, ғылыми шығармаларының қолжазбалары, еңбектерінің түпнұсқалары мен көшірмелері қойылған.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер