Абай күні

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:40, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Абай күніҚазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді<ref>10-тамыз Абай күні қазақстандықтарға демалыс беріле ме? https://egemen.kz/article/244562-10-tamyz-abay-kuni-qazaqstandyqtargha-demalys-berile-me </ref>. Бұл мереке 2020 жылы аталып өтілетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында бекітілді. Мереке ресми демалыс күні болып саналмайды.

Тарихы

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: «22-1. Абай күні – 10 тамыз»<ref>'Қазақстанда 10 тамыз Абай күні болып белгіленді https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-10-tamyz-abay-kuni-bolyp-belgilendi_a3680165</ref>.

Әдебиеттер тізімі

Үлгі:Дереккөздер