Келінжан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:20, 2026 ж. маусымның 17 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Телесериал "Келінжан"2018-2023 жылдары аралығында "Хабар" телеарнасының тапсырысымен "GG Cinema Production" түсірген Қазақстандық танымал отбасылық сериал әрі аттас фильмі<ref>"Келінжан" неге хит болды?</ref>. Сериал Күлімхан апаның үш ұлы мен олардың келіндері туралы. Сериалда қазақ ауылының қарапайым бір отбасындағы Күлімхан апаның әулетіндегі қарым-қатынас оқиғалары көрсетіледі. 2023 жылы 5-маусымы жарыққа шықты.

Режиссёрі – Ернар Нұрғалиев.

Телехикаяның 1-маусымы - Алматы облысы Бақбақты ауылында, 2-5-маусымдары және "Келінжан -1", "Келінжан -2", "Келінжан 3" фильмдері Алматы облысы, "Аққайнар" ауылында түсірілген.

Актёрлер

Продюсерлері – Гүлнұр Мамасарипова, Гүлбаршын Заирова

Оператор – Шерхан Таңсықбаев

Сценаристері – Гүлнұр Мамасарипова, Бегзат Жұмажан

Композиторы – Ренат Гайсин


Актерлер Рөлі
Сара Амангелді Асылым
Дариға Бадықова Айсара
Лейло Бекназар-Ханинга Күлімхан апа
Нұргүл Мыңғатова Балқия
Дәулет Өсербай Асқар
Рүстем Жаныаманов Қылышбек
Назар Сұлтанбаев Мәдібек

Басты кейіпкерлері

Күлімхан апа - 3 ұлдың, 1 қыздың анасы. Жұбайы - Темірбек, қайтыс болған, анда-санда ауылдың шетіндегі бейітінің басына барып сырласып тұрады. Үйдің көп мәселелерін шешеді.

Қылышбек - Күлімханның үлкен ұлы, интелектуал, мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалімі , әйелі Айсараның ықпалымен мектепте директор болған, уақытша әкім болып та көрген.

Айсара - Қылышбектың әйелі, Күлімхан апаның үлкен келіні, Қылышбекпен кітапханада танысқан, адуындылау мінезді.

Мәдібек - Күлімханның ортаңғы ұлы, басқа ұлдарына қарағанда пысығырақ, шаруаға бейімді, 3 маусымда ауылда өз дүкені болады.

Балқия - Мәдібектің әйелі, ашық мінезді, жайсаң. Мәдібек оны досына алып қашпақшы болғанда Мәдібек үйіне аяқ асты келін қылып әкеледі.

Асқар - Күлімханның кіші ұлы, спортшы, жекпе-жекпен айналысады, кейінгі маусымдарда ауылда балаларды жекпе-жекке дайындайды.

Асылым - Асқардың әйелі, Күлімханның кіші келіні.Үлгі:Толықтыру

Маусымдары

Маусымдар Бөлімдері Хабар тарату кезеңі
1 1—25 14.01.2019 — 15.02.2019
2 1-15 05.10.2020 — 23.10.2020
3 1-15 06.09.2021 — 17.09.2021
4 1-40 05.09.2022-28.10.2022
5 1-25 04.09.2023-06.10.2023

1-маусымының сюжеті

2-маусымының сюжеті

Қызықты деректер

Timur Balymbetov Youtube арнасындағы сұхбат.</ref>

Фильмдері

"Келінжан" телехикаясының бірнеше маусымдар бойы танымал болғанына байланысты фильмді жасаушылар оның кинотеатрларда көрсететін толық метражды фильмін жасауды шешті.<ref>“Келінжан” телехикаясының түпкі мақсаты ақша табу ма?HIT TV Youtube арнасы, "Менің өмірім" бағдарламасы.19 қараша 2022 жыл</ref> Фильм премьерасы 2022 жылдың желтоқсан айында кинотеатрлардан көрсетілді. 2022 жылы «Келінжан» туындысының толықметражды нұсқасы шетелдік прокатта да шықты.

Келінжан фильмінің сюжеті

«Фильмді сәтті шықты деп айта аламыз. Қырғызстанның төрт қаласында Бішкек, Ош, Тоқмақ және Жалалабат қалаларының 15 кинотеатрында көрсетілді. Бұл – «Хабар» агенттігінің өз өнімін алғаш рет басқа тілде дубляж жасап, шетелге шығаруы», – деп мәлім етті «Хабар» телеарнасының директоры Ж. Жақсылықова.
2023 жылы 19-қазаннан бастап кинотеатрларда "Келінжан-2" фильмі прокатқа шықты.<ref>«Келінжан» фильмі үлкен экран көрермендерінің қатты күткен фильмдерінің тізімінде бірінші орында тұрған – бас продюсер</ref>

Келінжан 2 фильмінің сюжеті

Келінжан 3 фильмінің сюжеті

Саундтректері

Композиторы - Ренат Гайсин. Телехикаяның басым бөлігінде қазақ эстадасының алтын қорындағы әндер пайдаланылған. Мысалы, "Дос-Мұқасан" тобы, Мақпал Жүнісова, Нағима Есқалиеваның ұмытылып кеткен әндері қолданылған, сол арқылы жас буын ретро әндермен танысты, әрі бұл әуендер телехикаяға жақсы атмосфера берді деп айтса да болады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Хабар телеарнасының телехикаялары