Өрнек қала орны

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Өрнек қала орныРеспубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген көне қала орны.

Орналасқан жері

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылынан оңтүстікке қарай 6 км қашықтықта, Сұлутөр шатқалынан шығатын Алтынсу мен Шұбырынды өзендерінің жағасында орналасқан.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Зерттелуі

1985-86 жылдары К.М. Байпақов жетекшілік еткен экспедиция зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Сипаты

Өрнек қаласының орталық бөлігі аумағы 155×160 м болатын төрт бұрыш пішінді, жан-жағы дуалдармен қоршалған. Қоршаудың қазіргі қиранды үйіндісінің биіктігі 5 м-ге, ені 11 – 15 м-ге жетеді. Қоршаудың бойында 31 күзет мұнараларының орындары сақталып қалған. Қазба жұмыстары Өрнектің 8 – 12 ғасырда гүлденген қала болғанын көрсетеді. Қазба жұмыстары барысында тастан безендіріліп жасалған 4 колонна табылды. Мықты бекіністің, мешіттің, әсем сарайдың орындары табылуы Өрнектің кезінде жоғары дамыған қалалар қатарына жататындығын айғақтайды. Ортағасырлық географтар – Ибн Хордадбек пен Құдама Тараз бен Құлан арасында Касриабас, Күлшуб, Жулшүб деген қалалардың болғанын жазып қалдырған. Осындағы Күлшуб қаласы Өрнек болса керек.

Мәртебесі

2014 жылы Өрнек қалашығы «Жібек жолының ескерткіштері: Тянь-Шань дәлізі» аталымы бойынша ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне қосылды.<ref>Жамбыл облысының 5 тарихи ескерткіші ЮНЕСКО тізіміне қосылды</ref>

2017 жылы Өрнек республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.<ref>Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазақстандағы Әлемдік мұра Үлгі:Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері