Тойған Оспанқызы Ізімова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тойған Оспанқызы Ізімова (5.9.1951 жылы туған, Ақтөбе облысы бұрынғы Новороссийск ауданы Мамыт ауылы) -биші, педагог, Қазақстанның еңбегі сіңген артисі (1987). 1971 жылы Алматы эстрада-цирк өнері студиясы,1999 жылы Алматы театр және кино институтын (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) бітірді. Бишілік өнер жолын әнші Ақтөбе облысы филармониясында (1968 - 69) бастады; Iзімова бұрынғы Торғай ("Шертер" фольклорлық ансамблі, 1971 - 76) мен Целиноград (қазіргі Ақмола; 1976 - 82) облысы филармониялары, "Сазген" ансамблі (1982 -85) мен "Алтынай" би ансамблінің (1985- 95) құрамында жеке биші ретінде жемісті еңбек етті. Ол сахнада жеке билеумен қатар алғаш рет жұбайы Ү.Мақанмен жұптасып билеу арқылы да көрермен-көпшілікке кеңінен танылды; бірнеше би бағдарламасын әзірлеп, сахнаға шығарды. 1998 жылдан қазіргі Алматы эстрада-цирк өнері колледжінде педагогика қызметпен айналысады. Мөскеуде өткен Жастар мен сту-денттердің Бүкіл дүниежүзілік 12-фестивалінің дипломанты, Белгияда өткен халықаралық би фестивалі мен 1-республикалық бишілер байқауының (1985) жүлдегері.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify