Қотантас
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қотантас - қола дәуіріндегі тас құрылыстардың бір түрі. Қотантас қақпа тастарды қаз-қатар шеңберлей тігу арқылы тұрғызылады. Оның әрбір тобындағы шеңбер саны 3 - 8-ге дейін барады. Құрылыстың мұндай топталған түрін жазғы ауыл қотанына ұқсас болғандықтан қотантас деп атаған. Қотантас Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Жамантас, Кеңестас, Ақтоғай ауданындағы Көрпетай тауы, Қарасай, Темірастау деген жерлерде кездеседі.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify