Шимайлы суреттер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шимайлы суреттер - суреттің көне үлгілері. Бұлар құрылыс орындарының іргелерінде, әр түрлі металл бұйымдар мен ыдыс-аяқ беттерінде кездеседі. Шимайлы суреттер археологиялық қазба кезінде көптеп табылады және бұлар жер шарының түпкір-түпкірлеріне жаппай тараған. Қазакстанда мұндай мұралар орта ғасырлық қалалардан (Отырар, Талғар, Тараз, т.б.) табылған. Жалпы шимайлы суреттер - ежелгі дүниенің тірлігінен, мәдениетінен, тілінен және жазу үлгілерінен мағлұмат беретін тарихи құнды деректер.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify