Бекен Жұмабекұлы Жамақаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бекен (Бекенғали) Жұмабеқұлы Жамақаев (1931, Сарыжал ауылы, Абай ауданы, Абай облысы1972, Семей) – қазақ композиторы, диктор, актер, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Өмірбаяны

Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

1950 жылы Семей педагогика училищесін бітірген .

1946-48 жылдары Семей драма театрының (қазіргі Семей музыкалық драма театрының) құрамында актер болған.

1951-52 жылдары Семей облысы радиокомитетінде әдеби қызметкер, 1952-57 жылдары цензор, 1958-60 жылдары диктор, т.б. әр қилы мамандықта қызмет істеп, мәдениет саласында еңбек етті.

Бекен Жамақаев жасынан өз бетінше әр түрлі музыкалық аспаптарда (домбыра, гармонь, баян, т.б.) ойнауды үйреніп, шебер музыкант атанды. Арнайы композициялық білімі жоқ. Оның халыққа кеңінен танымал "Сұлу сары", "Сауыншы", "Махаббат вальсі", "Қоштасу", "Түн сыры", "Гүлім қайда", "Ертіс әш", "Жалғыздық тойы", т.б. әндері бар.

Жамақаевтың есімімен Семей және Алматы қалаларында көшелер аталады.

Шығармасы: Махаббат вальсі. А., 1997.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965260958</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify