Саркофаг

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Саркофаг (Үлгі:Lang-el, дәлме-дәл — тән жегіш, алғашқы мағынасында — әк тасының бір түрінің аты) — ағаштан, тастан, мрамордан жасалып, әсем жазбалармен көркемделетін, ашық аспан астына, не арнайы құрылыс ішіне қойылатын табыт. Ең көне Саркофаг Мысырдың 4-билік етуші әулетінде сақталған. Саркофаг Египеттен Сирия, Финикия арқылы Грекияға, Римге таралған. Саркофагтың сыртқы пішіні әр түрлі: мумия тәрізді, төртбұрыш, т.б. Самарқандтағы Әмір Темір, Париждегі Наполеон І табыттары Саркофаг болып есептелінеді. Қазақстанда Берел қорымының тоң басқан обасынан ағаш Саркофагқа салынған адам мен оның жанына он үш жылқыны қоса қойған жерлеу орны ашылған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала