Жамбыл ескерткіші (Алматы, 1971)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:51, 2017 ж. қарашаның 5 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Жамбыл ескерткіші - 1971 ж. Алматы қаласының Қабанбай батыр көшесі мен Байсейітова көшесінің қиылысындағы Қазақ опера және балет театры саябағында қойылған. Мүсінші — Қазақстанның халық суретшісі Х.Наурызбаев, архитекторы — М.Меңдіқұлов. Мүсін мен тұғыр сұр граниттен тұтас қашалған. Биіктігі — 2,3 м. Ескерткіштің қасбетінен қашап түсірілген өрнекті жазу тұғыр мен мүсіннің айрығын байқатады. Мүсін жыр алыбы Жамбылдың кемел шағын тұлғалайды. Тұғырдың теп-тегіс өңделген жиегінен шығыңқы қалыпта ойып келтірілген сол қолдың салалы саусақтары, бас салмағының сол иыққа елеусіздеу ауытқуы мүсінге табиғи қозғалыс әсерін береді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965260958</ref>
Дереккөздер
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify