Попурри

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Попурри<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VII-том</ref> (Үлгі:Lang-fr — аралас тағам, әр түрлі нәрселер мағынасында) — музыкалық қойылым. Опера, оперетта, балет, халық әндері мен билері, кино қойылымдары, белгілі композиторлар мен өнерпаздардың музыкалық шығармаларының үзінділерінен құрастырылған музыкалық пьеса, шығарма. Попурриге енгізілген музыкалық туынды өзгертілмей, қысқартылған түрде орындалады. Попурри 19 ғ-да эстрадалық және үрмелі музыкалық аспаптарға негізделіп, дами бастады. Жанрдың талабына сай алғашқы музыкалық шығарманы француз К.Баллар үшінші ән жинағында (1711) жариялаған. Онда ол әр әуеннің бастапқы шумағынан попурри жасайды. 18 ғ-да дамыған аспаптық үлгідегі “француз попурриі” көпшіліктің көңілінен шықты. Кейін Еуропаның басқа елдерінде жалғасын тапты. Попурри жасаушылар көбінесе әуесқой композиторлар мен дирижерлар арасынан шығады. 20 ғ-да попурри эстрада өнерінде кең тарады. Мәселен, қазақ эстрадасында Р.Рымбаева шығармаларында попурри қойылымдары кездеседі.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

  • Қазақ энциклопедиясы

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала