Пианино

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:41, 2026 ж. маусымның 6 кезіндегі 1nter pares (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Пианино (Үлгі:Lang-it — жайлап ойнау немесе кішкене фортепиано) — дека, механика және шектері тігінен орналасқан фортепианоның бір түрі. Қазақ музыкатануында бейресми түрде — “күйсандық” деп те аталады. Пианиноны алғаш жасаған америкалық Дж.Хокинс (1800). Кейін аспап шеберлерінің бірнеше өңдеуінен өткен Пианиноның осы заманғы түрі (шойын қақпа, тоғыспалы шектер, механика, дыбыс аралығы 7 октава) қалыптасты. Пианино рояльға қарағанда жинақы, сандық сияқты. Жіңішке, жуан шектері қақпағы жабық сандықтың ішінде керіліп, дауысы біркелкі ұяң естіледі. Пианино үй жағдайында ойнауға ыңғайлы. Концерттерде “соло” ойнауға дыбысы қаттырақ, клавиатуралық диапазоны пианиноға қарағанда кеңірек рояль пайдаланылады. Дегенмен ойнау техникасы екеуінде бірдей.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

<references/>

Әдебиет

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify