Тыңға 50 жыл медалі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жүлде «Тыңға 50 жыл» медалі — Қазақстан Республикасының мерейтойлық медалі.

Медал туралы ереже

Медаль республикадағы тың және тыңайған жерлерді игеруге және ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетел азаматтарын мадақтау, сондай-ақ тың және тыңайған жерлерді игеруге 50 жыл толуын мерекелеу мақсатында тағайындалды.

Сипаттамасы

«Тыңға 50 жыл» мерейтойлық медалi жезден дайындалып, диаметрi 34 мм шеңбер пiшiндi болады. Медалдiң бет жағында көтерiлген күн мен егiн аясында астық жинап жүрген комбайндар, оң және сол жақтарында айнала бидай масақтары бейнеленген.

Медалдiң артқы жағында ортада мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде: «Қазақстан Республикасы «Тыңға 50 жыл» — «Республика Казахстан «50 лет целине» деген жазу жазылған. Медалдiң төменгi бөлiгiнде айнала лавр бұтақтары орналасқан.

Медалдағы барлық бейнелер, жазулар бедерлi, алтын түстi. Медаль шеттерi ернеумен жиектелген.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы түстес қатқыл таспамен тысталған енi 34 мм және биiктiгi 50 мм бесбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның шеттерiн бойлай сары және жасыл түстi екi жолақ жүргiзiлген.

Медаль Өскемен қаласындағы Қазақстан теңге сарайында дайындалады.

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Қазақстан марапаттары