Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін медалі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:18, 2026 ж. сәуірдің 27 кезіндегі Оразбаева Жанна (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тексерілмеген мақала

Сурет:KZ For contribution to the development of public health.jpg
"Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" медалі

"Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" медалі – 2011 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы № 1539 қаулысымен бекітілген

Толығырақ

"Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" медалімен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне айрықша үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласындағы көрнекті әзірлемелері, белсенді және жемісті қайырымдылық қызметі және мейірімділігі, қызметтік міндеттерін орындау кезінде көрсеткен кәсіптік шеберлігі мен жанқиярлығы үшін, кемінде 40 рет қан беруді және (немесе) кемінде 70 рет қан плазмасын беруді өтеусіз жүзеге асырғаны үшін марапатталады.

"Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" медалімен денсаулық сақтау жүйесінде 10 жыл еңбек өтілі бар денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері марапатталады.

Құрметті белгінің сипаттамасы

"Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" медалі диаметрі 40 мм шеңбер нысанында жезден жасалады. Шеңбердің ортасында медицина эмблемасы – тостағанға оралған жылан, жоғары бөлігінде – шығып келе жатқан күн сәулесі, төменгі жағында – лавр бұтақтары бейнеленген. Шеңберді бойлай "ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН", "ҚАЗАҚСТАН" деген жазулар орналасқан. Медальдің фоны жылтырақ, әріптер және бейнелер шығыңқы, күңгірт. Медальдің сыртқы жағы күңгірт.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 33 мм және биіктігі 20 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған тікбұрышты тағанмен жалғанады. Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.