Нұрнияз Мұханов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:41, 2024 ж. наурыздың 15 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Нұрнияз Мұханов (1948 жылы 27 маусымда Ақтөбе облысы Байғанин ауданында туған) — Маңғыстау облыстық музыкалы драма театрының директоры. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1987). Құрмет орденінің иегері (2007). Маңғыстау облысының құрметті азаматы (2017).

Толығырақ

  • Нұрнияз Мұханов 1948 жылы 27 маусымда Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келген.
  • Алматы қаласындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының опера студиясын және Шымкент қаласындағы мәдениет институтын бітірген.
  • Еңбек жолын Маңғыстау облысы халық шығармалық әдістемелік орталықтың директоры (1973), облыстық қуыршақ театры директорының орынбасары, Қарақия ауданы мәдениет бөлімінің меңгерушісі (19891990), облыс филармонияның директоры (19901995), облыс мәдениет басқармасының бастығы (1995 – 2005) болды.
  • 2006 жылдан Маңғыстау облыстық музыкалы драма театрының директоры
  • Ол «Жастар» халық ансамблін, «Кең жайлау», «Ақ желкен» үгіт бригадаларын, «Алтыбақан», «Маңғыстау маржандары», «Ақжарма» ансамблі секілді өнер ұжымдарын ұйымдастыру жұмысына елеулі үлес қосты. Бүкілодақтық халық шығарм. фестивальдарының лауреаты.

Марапаттары