Фараб кітапханасы
Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Ғимарат
Фараб кітапханасы — Түркістан қаласында орналасқан.
Кітапхана тарихы
Кітапхана 2021 жылы ашылды.<ref>Үлгі:Citeweb</ref>
Кітапхана бөлімдері
2024 жылы Өзбекәлі Жәнібек және Мархабат Байғұт атындағы залдар ашылды. 480 мың данаға арналған кітап қоймасы телелифтпен жабдықталған, ал жалпы қорда шамамен 330 мың кітап бар, оның ішінде 354 сирек басылым сақталған. Қор «Кітап сыйла» акциясы және жаңа басылымдардың түсуі арқылы толықтырылып отырады.<ref>Үлгі:Citeweb</ref>
Ғимарат сипаты
Жертөле зерттеу орталығы және негізгі кітап қоймасы болып табылады. Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар да сол жерде сақталады. Маңызды кітаптар мен құжаттарды цифрландыру және сақтау үшін де үлкен зерттеу орталығы пайдаланылады.
Бірінші қабатта үлкен атриум, кітап дүкені, керемет зертхана және дәрістер мен семинарлар, концерттер мен қойылымдар өткізуге арналған кинотеатр мен концерт залы орналасқан. Кең кофехана бос уақытында кездесулер мен әңгімелер өткізуге өте ыңғайлы.
Екінші қабатта әртүрлі студиялар, шеберханалар және қолөнер бұйымдарын сататын дүкендер орналасқан. Мұнда оқырмандар оқыған кітабынан шабыт алып, ерекше және әдемі нәрсе жасай алады.
Үшінші қабатта екі үлкен оқу залы бар: біріншісі қазіргі заманғы әдебиетке, екіншісі сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларға арналған. Онда тарихи және этнографиялық материалдар, сондай-ақ жазбаша өнер, археология және сәулет өнері бар.<ref>Үлгі:Citeweb</ref>
FABLAB
Фаблаб зертханасы көбіне білім беру іс-шараларында цифрлық өндіріс, микроконтроллерлерді бағдарламалау, робототехника, жобалық қызметтерге баса назар аударылады. Кітапханамыздағы зертханада ізденушілер 5 аймақта жұмыс жасайды.
Фрезерлі ЧПУ аймақ; Лазерлі ЧПУ аймақ; 3D принтерлер аймағы; Электроника аймағы; Стримтекс.<ref>Үлгі:Citeweb</ref>