Балалар Кітапханасы
Үлгі:Ғимарат С. Бегалин атындағы республикалық балалар кітапханасы – мәдени-ағарту ісіне маманданған, әдістемелік-ақпараттық бағытта мектептен тыс білім мен тәрбие беретін республикалық мекеме. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Алматы қаласы, Достық даңғылы, 15.
Кітапхана қоры
1951 жылы ашылған, 1996 жылдан Қазақстан үкіметінің қаулысымен белгілі балалар жазушысы С. Бегалин есімімен аталады.
Балалар кітапханасында жарты млн. басылымды құрайтын кітап қоры, жасөспірімдерге арналған газет-журналдар, күйтабақ, диафильм, слайд, фильм көшірмелері мен музыкалық жинақтар бар. Жыл сайын 14 мыңдай оқырманға (мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге, 1—9 сынып оқушыларына, тәрбиешілер мен мұғалімдерге) қызмет етеді. Сондай-ақ, мұнда ғылыми-әдістемелік, анықтамалық-библиография, қызмет көрсету, эстетика, кітаптарды топтастыру, өңдеу, кітаптарды сақтау бөлімдері жұмыс істейді.
Балалар кітапханасы әдістемелік, ақпараттық орталық ретінде республика кітапханаларының жұмысына басшылық етеді. Облыс кітапханаларына ақпараттық-әдістемелік, библиография бағыттағы басылымдар шығарып тұрады. Басылымдар “Этносаралық қарым-қатынастар мәдениеті”, “Қазақстанды таңы”, “Мектеп бағдарламасына көмек”, “Қазақ өнері”, т.б. айдарларымен жарық көреді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>