Ғабдиман Игенсартов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:43, 2020 ж. қаңтардың 1 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Infobox Biography Игенсартов Ғабдиман (1902-1976) - Қазақстанның халық ақыны.

Арғын тайпасы, Қаракесек руының Майлық бұтағынан шыққан.<ref>«Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017</ref>

Халық ауыз әдебиеті үлгісінде Абай туралы «Тойтарыс» атты дастан («Лавадағы өмір», - А., 1985) жазған. Шағын сюжетке құрылып, психологиялық-философиялық тұрғыда өрбіген бұл туындыда ақын өмірінің бір сәті ғана жырланады. Абай заманындағы айтыс-тартыстар, теңсіздіктер нанымды баяндалады. Дастанда қоғамның жағымсыз қылықтарына өзінің азаматтық болмысымен, өткір сөзімен, әділ төрелігімен қарсы тұрған жас Абай бейнесі шынайы сомдалған. Сарым қарттың жас Абайға берген батасы - ақынға халық атынан айтылған ақ жол, оң тілек іспеттес.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала