Ер Қабанбай (жыр)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Ер Қабанбай» — тарихи жыр.

Қазақ халқының дарабоз батыры Қаракерей Қабанбай (шын аты — Ерасыл) туралы жырлар 18 ғасырда туып, 19 ғасырда хатқа түсе бастаған. «Ер Қабанбай» жырының ертеректегі қолжазбалары Санкт-Петербург (Березин мұрағаты), Омбы (Потанин мұрағаты), Қазан (Қазан университеті қоры, Б. Тәуекелұлы өткізген) қалаларында сақталған. Қабанбай батыр туралы жырлардың кейінірек жазылып алынған мәтіндерінің саны оннан асады.

Жырларды сақтап жеткізушілер: Қ. Әбжанұлы, Қ. Омарұлы, Н. Байматайұлы, Мергенбаев, Ә. Құрманов, Е. Ахметбеков, Қ. Әділбеков, Т. Магзиев, т. б. Қабанбай батыр туралы жырлардың көлемділері — «Қабанбай батыр», «Қаракерей Қабанбай батырдың әңгімесі», «Қисса Қабанбай», «Ер Қабанбай» жырлары.

«Ер Қабанбай» жырының Нұғыман нұсқасы (1936), Потанин нұсқасы (1972) жарық көрсе, Қ.Әділбеков нұсқасы (1976) күйтабаққа жазылған. Жырдағы оқиғалар үш ірі қақтығыс төңірегінде шоғырланған: Қабанбай мен жоңғар батырларының жекпе-жегі, Қабанбай мен Дәулетбай, Қабанбайдың қайта айналып шапқан жаумен шайқасы. «Ер Қабанбай» жыры Қабанбай батырдың туысы Дәулетбайға жорықта алып жүретін ақ туын тапсырып тұрып, «еліңе ие бол, жауыңнан сақтан, Қабанбай өлді дегізбе» деп айтқан өсиетімен тү- йінделеді. Қабанбай батырдың өлімі жырдың шарықтау шегі болып табылады. Жыр Қабанбай сүйегінің моладан ұшып кетуі сияқты аңыздық-мифтік сарынмен аяқталады. Жырда тарихта болған адамдар есімі мен географиялық атаулар да кездеседі. Бұл жырдың нақты тарихи деректерге негізделгенін дәлелдейді. Жырдың негізгі идеясы — атажұртының бостандығын ардақ тұту, туған жердің тыныштығын қорғау. Қабанбай батыр туралы дастан-жырлардың нұсқалары Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы тұр<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Stub Үлгі:Wikify