Альбатрос (поэма)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

АльбатросВ.И. Лениннің бейнесін жасауды көздеген Сәкен Сейфуллиннің 1932 жылы жазылып, 1933 жылы басылып шыққан поэмасы.

Поэма әр түрлі көлемдегі 21 тарауға бөлініп, олардың әрқайсысына ат қойылған, ең қысқа тарауы 2 шумақтан, ең ұзақ тарау 14 шумақтан құралған.

Қысқаша мазмұны

Поэма елі үшін күрескен қаһармандар жайында болады. Жаңа өмір мұраттары үшін сан майданда салған ерлерді Альбатросқа теңейді.Туған елін сол қайсар құс Альбатрос іспетті жарқылдап, дұшпанға жай түсірер қайратты болуын тілек етеді. Сонымен қатар патша өкіметі құлағанымен,отаршылдықтың бір күнде оп - оңай тоқтай қалмағанын ақын поэтикалық картиналар,жанды образдарыды бейнелер арқылы әрі ықшам,әрі көркем етіп сипаттайды. Шығармада сол уақытта болған шайқастар көрінісін көрсетеді. Пьесада Асылбеков, Әйтиев, Жангельдин, Тәтімов, Ярмұхамедов сияқты күрескерлердің ерліктерін пафоспен жырласа, Антанта сойылын соғушы Юденич, Дутов, Колчак секілділердің сорақы қимылдары мазақ етіледі.

Поэма ерекшеліктері

Алғашқы «Сәйгүлігім» деп аталатын тарауынан - ақ поэманың негізгі ерекшеліктері көріне бастайды.Лирикалық қаһарман салған жерден оқырманға ағынан жарылып тіл қатады. Сөз орамдары,образды тіркестер, неологизмдер жаң дәуірдің символы ретінде асқақ естіледі. Екпіп,такт, ассонанс, градацияға ерекше мән бнру шығарманың әшкә ырғағын күшейтіп,гармоникалық тұтастық береді. Ишарат,астармен ой тастайды. Күрестерде шыныққан,асыл мұрат үшін талмай алысқан қаһарман,қажырлы азамат көз алдына келеді. Жер үстінде, аспанда, суда өткен, жан беріп,жан алған,жаңа заман үшін болған күрестің шындығын ақын образды сценалар арқылы,қысқа лирикалық сюжет, бейнелі детальді пайдалана отырып, поэтикалық күшімен шебер бейнелейді.

Дереккөздер

  1. Қазақ әдебиеті, Алматы «Рауан » 1994.

Үлгі:Сәкен Сейфуллин шығармалары