Бір адым кейін, екі адым ілгері (әңгіме)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:51, 2021 ж. желтоқсанның 22 кезіндегі InternetArchiveBot (Талқылауы) істеген түзету
Бір адым кейін, екі адым ілгері - Ғабит Мүсіреповтiң 1932 жылы жарыққа шыққан көрнекті әңгімелерінің бірі.
Қысқаша мазмұны
Бұл әңгімеде елде орын алып жатқан таптық күрес, ондағы жасалып жатқан астыртын әрекеттер баяндалады. Сонымен қатар ауылдың бай-кедей болып бөлінуі, жаңа заманға өткен қоғам өкілдерінің оған риза болмай қарсы тұруы суреттеледі. Шығарма желісінде колхоз бастығы мен оның орынбасарының өз туыстарын және ауыл тұрғындарын колхозға тартып, рушылдықты қоздыруы сипатталады. Сонымен қатар өткен қоғам өкілдерінің астыртын әрекеттері, олардың колхоз қоймасын өртеп, асыл тұқымды малдарын өлтіру бейнеленеді.
Шығарма кейіпкерлері
- Рамазан — колхоз бастығы.
- Жанғали - колхоз бастығының орынбасары.
- Сүгір – ауыл молдасы.
Дереккөздер
<references/>