Дәуір баспасы
«Дәуір» баспасы — Қазақстандағы ірі полиграфиялық кәсіпорын. Алматы қаласында орналасқан. Газет-журнал, кітап, т.б. баспа өнімдерін көп данамен басып шығаруға маманданған. 1918 жылы қалалық "Заря свободы" газетінің тұңғыш саны жарық көрген шағын баспахана негізінде 1932 жылы құрылған. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан КП ОК-нің газет-журнал баспаханасы аталып, республикалық газет-журналдарды басып шығаратын негізгі өндірістік база міндетін атқарды. 1991 жылдан «Дәуір» республикалық газет-журнал баспасы аталды. Баспа 2000 жылы «Дәуір» жабық акционерлік коғамға айналды. «Дәуір» 4 тілде - қазақша, орысша, ағылшынша және түрікше шығатын 44 газет пен 22 журнал редакцияларына қызмет көрсетеді. Мұнда мерзімді басылымдармен қатар қалың мұқабалы кітаптар, түрлі түсті басылымдар, мектепке арналған өнімдер, көрнекілік құралдары басылады. 1998 жылы Парижде өткен көрмеде үздік өндірістік-технологиялық көрсеткіштері үшін «Дәуір» халықаралық "Алтын жұлдыз" белгісімен марапатталды.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала