Дыбыс үйлесімі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:34, 2015 ж. сәуірдің 24 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дыбыс үйлесімі - (Инструментовка) - поэзияда дыбыс үндестігін пайдалану тәсілі. Фонетикалық және стилистикалық мән-мағынасына сай, әрбір сөз өлеңге жағымды тембр, эмоңиялық бояу, нәр қоса отырады. Аллитерация, ассонанс, дыбыс қайталаушылық, дыбыс еліктеушілік сияқты тәсілдер дыбыс үйлесіміне негізделеді. Мысалы, Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінекей, бұзған жоқ па елдің сиқын? Немесе: Ұрысса орыс, Елге болыс, Үйден үрген итке үқсап, - деген Абай өлеңдерінің жолдары аллитерация және дыбыс қайталаушылық сияқты тәсілдерді қолдану арқасында құлаққа жағымды және ерекше эмоциялық нәр береді. <ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала