Көркемдік Ойлау

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Көркемдік Ойлау өнер туындысын жарататын және одан эстетикалық нәр алып қабылдайтын ақыл-ой қызметінің ерекше бір түрі. Мұның ғыл.-теориялық ойлау жүйесінен өзгешелігі бар. Көркемдік ойлаудың табиғаты мен мәні - дүниені көркемдік тұрғыдан игерудегі рухани қабілет екендігімен анықталады. Образдық-сезімділік түрғыдан әлемді тану, адам болмысына үңілу, тіршілік-түрмыс мәнісін бағалау, көңіл-күй қүбылыстары және киял ыркымен жүзеге асатын суретті, бейнелі үғымдар синтезі Көркемдік ойлаудың ерекшелігі болып табылады. Көркем сананың эмоциялық белсен- ділігі, эстетикалық сезімінің кемелдігі, сергектігі, тез, шапшаң шабыттану, болжағыштық, түтанғыштық қасиеттер Көркемдік ойлаудың тегеурін-қуатын танытады. Эстетик. талғам, киыннан қиыстыру, метафоралық толғам- көркемдік ойлаудан туындайды. Ал осының негізінде идея, концепция жасалады.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала