Жұмысшы (газет)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

"Жұмысшы" - қазақ жұмысшыларына арналған тұңғыш мерзімді басылым.


1928 жылдың мамырынан 1929 жылдың мамырына дейін Қызылорда қаласында, осы жылдың қыркүйегінен 1930 жылдың тамызына дейін Алматыда жарық көрген. Таралымы 11 мың дана болған. Газетте шет елдердегі жұмысшылар қозғалысы, Кеңес Одағында және Қазақстанда болып жатқан жаңалықтар, өндіріс жайы, жұмысшылар тұрмысы жан-жақты жазылған. Басылым оқырман хаттарын жариялап, әр түрлі сауалдарына жауап жазып, қазақ жұмысшыларының ой-санасын оятып, мәдени-білім дәрежесін көтеруді мақсат еткен. "Жұмысшы" газетінде Ә.Байділдин, Ә.Айсарин, О.Беков, Б.Майлин, Е.Малдыбаев, Қ.Әбдіқадыров, М.Боранбайұлы, Ә.Тәжібаев, С.Мұқанов, Қ.Тайшықов, А.Тоқмағамбетов, Ж.Сыздықов, І.Құрамысов, Ж.Тілепбергенов, Е.Калымбетұлы, тағы басқа қаламгерлердің әр түрлі жанрдағы шығармалары жарық көрген.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала