Қатысушы:19642206g/Мұса Жанәділов
Үлгі:Ақын
Мұса Жанәділов (25 мамыр 1941 — 18 желтоқсан 2022) — қазақ ақыны, журналист, драматург, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі.<ref>https://anatili.kazgazeta.kz/news/59903</ref>
Мазмұны
Өмірбаяны
Мұса Жанәділов Алматы облысы Нарынқол ауданының Текес ауылында дүниеге келген.<ref>https://alatau-zhuldyzy.kz/?p=20376</ref> 1957 жылы орта мектепті аяқтаған.
1960–1964 жылдары Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласындағы мәдени-ағарту училищесінде білім алған.<ref>https://adebiportal.kz/kz/news/view/zetisuda-kitap-zaugan-kun__3595</ref> 1980 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.<ref>https://anatili.kazgazeta.kz/news/59903</ref>
Еңбек жолы
Еңбек жолын 1957–1960 жылдары шопан болып бастаған.<ref>https://qarqaragazeti.kz/archives/4875</ref>
1965 жылдан бастап «Советтік шекара», «Қарқара» газеттерінде қызмет атқарған.<ref>https://qarqaragazeti.kz/archives/4875</ref> Кейін «Талғар» аудандық газетінде жұмыс істеп, тілші, жауапты хатшы, редактор орынбасары және бас редактор міндеттерін атқарған.<ref>https://qazdauiri.kz/news/kok-tuyndy-zelbiret</ref>
Шығармашылығы
Ақынның шығармалары поэзия, проза және драматургия жанрларын қамтиды.<ref>https://egemen.kz/article/168465-dramalyq-shygharmalar-bayqauynynh-dgenhimpazdary-anyqtaldy</ref>
Жыр жинақтары
- «Көктем тынысы»
- «Шыңдар»
- «Кегенім менің – өлеңім»
- «Жүрек лүпілі»
- «Мен келгенде Талғарда күз болатын»
- «Түлеп ұшты жүректен жыр құстарым»
Прозалық шығармалары
- «Шопан ауылының шырайы»
- «Түлеген өңір»
Драмалық шығармалары
- «Арманым сізге аманат»
- «Ереуіл төбе ерлері»
- «Тойланбаған той»
Ән мәтіндері
- «Ақ тілек»
- «Кегенімді сағындым»
- «Нарынқол жастарының вальсі»
Марапаттары
- «Еңбек ардагері»
- Талғар, Райымбек, Кеген аудандарының Құрметті азаматы<ref>https://moldir-bulak.kz/zhaksynyn-aty-olmejdi/</ref>
Дереккөздер
<references/>