Ықылас Ожайұлы
Ықылас Ожайұлы – журналист, ақын, әнші. "Әдебиет" порталының бас редакторы.
Өмірбаяны
Ықылас Ожайұлы 1981 жылы дүниеге келген. 1999-2004 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Республикалық «Жас алаш», «Нұр-Астана» газеттерінің тілшісі сондай-ақ, «Сарыарқа» журналының бас редактор болып қызмет атқарған.
2010-2019 жылдар аралығында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Журналистика және саясаттану» факультетінде оқытушы болып қызмет істеді. Қазір «Qazcontent» АҚ Республикалық «Әдебиет порталының» бас редакторы.
«Адырна», «Семсердің жүзіне өскен гүл» поэзия жинақтары мен «Еркін ойлау немесе көне қағидаларды қирату» секілді ғылыми-танымдық кітаптардың авторы.
1918 жылғы «Абай» журналына арналған «Алаш көсемсөзі» сегізінші томының шығарушысы.
I Халықаралық «Рух» әдеби байқауының Гран-при иегері.
Халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Журналистика», және «Поэзия» номинациясы бойынша лауреаты.