Дидар Амантай

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жазушы

Дидар Амантай, Дидар Амантайұлы Қосылбеков<ref>https://brod.kz/kz/persons/didar_amantay/</ref> (1969 жылы 5 ақпанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы) — жазушы, сценарист, журналист, қоғам қайраткері. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының бас редакторы.

Білімі

Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сары Танас бұтағынан шыққан.<ref>«Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017</ref>

Қызмет жолы

19871989 жылдары «Жас алаш», «Заман Қазақстан» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі;

19972002 жылдары «Хабар» агенттігінде бағдарлама редакторы, «Майдан» ток-шоу редакторлар бөлімінің жетекшісі, «Бетпе-бет» бағдарламасының жүргізушісі;

2002—2004 жылдары «Зерде» жобалау тобының жетекшісі;

2004 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы;

20052006 жылдары «Ел мен жер» және «Азамат К2» газетінің директоры;

2004—2008 жылдары «Начнем с понедельника» газетінің Бас директоры және бас редакторы;

2008 жылы іскерлік «Азамат» газетінің директоры;

2006—2008 жылдары «31 арнаның» «Абайтану» және «Замандастар» телевизиялық бағдарламаларының авторы және жүргізушісі;

2009 жылдан Ш. Айманов атындағы « Қазахфильм » Ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы.

Шығармашылығы

Алғашқы кітабы 1996 жылы «Постскриптум» деген атпен жарық көрді. Кейіннен «Қастерле мені» ( романдар, повестер, әңгімелер, эсселер 2000), «Гүл мен кітаптар» (Роман, 2003), «Күзгі рандеву» (повесть-әңгіме 2005) кітаптарымен қатар, «Нұрғиса Тілендиев», «Әлжаппар Әбішев», «Қасым Аманжолов», «Жүсіпбек Елебеков», «Мұқтар Мағауин»  деректі фильмдердің, «Гәкку» («ФЭФ») «А-ға оралу» көркем фильмдерінің «Қарсы бақылау» телесериалының сценариін жазған.

2010 жылы бес  томдық шығармалар жинағының бірінші томы — «Қарқаралы басында» атты кітабы баспа жүзін көреді. Қазір «Махамбет философиясы» атты екінші томы дайындалу үстіндеДидар Амантайдың шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Марапаттары

«Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының (1999), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2007).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер