Жүсіпбек Алтайбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жүсіпбек Алтайбаев (23.08.1911, Шет ауданы - 1987) - сықақшы. Лақап аты — Ш. Тарпанбаев<ref>Писатели Казахстана. Справочник. Алма-Ата, Жазушы, 1982, стр. 22</ref>.

Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан.

  • 1933 — 1971 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі, жауапты хатшысы, редакторы, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің жауапты хатшысы, «Вожатый» журналының редакторы, «Комсомол» баласының Бас редакторы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің жауапты хатшы-сы, Талдықорған облысы «Сталиншіл» (кейін «Жерұйық»), Семей облысы «Екпінді» (қазіргі «Семей таңы») газеттерінің редакторы, ҚазТАГ-тың директоры, Қазақстан Журналистер одағының жауапты хатшысы, ҚР Телевизия және радиохабары жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, сатиралық «Ара» — «Шмель» журналының Бас редакторы болды.
  • Баспасөзде 1938 жылдан көріне бастады. 1965 жылы алғашқы сатиралық жинағы «Нақ-нақ» жарық көрді. Кейін «Сыпырғыш» (1969), «Ұят-ай» (1973), «Түлек» (1977), «Бұзаулы сиырға арзан домбыра» (1978), т.б. фельетон, сықақ, әңгіме, повестер жинақтары басыдды.
  • Аударма саласында: Н.Гогольдің «Диканька хуторы маңындағы кештер», И.Тургеневтің «Қарсақша», М.Горькийдің «Фома Гордеев», Р.Джованьолидің «Спартак», И.Ильф пен Е.Петровтың «Алтын баспақ», «Он екі орындық» романдарын аударды.
  • 3 мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Бастама Үлгі:Суретсіз мақала