Мақсот Ізімұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мақсот Ізімұлы 1960 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылында туған. ҚазҰУ-ды бітірген. 1983-89 жылдары Батыс Қазақстан облысы «Орал өңірі» газетінде тілші, 1989-91 жылдары Республикалық «Зерде» журналында, «Ана тілі» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1991-97 жылдары «Теміржолшы-Железнодорожник», «Аруана» газеттерінде, «Жалын» журналында бас редактордың орынбасары, бас редактор, бөлім редакторы, 1997-2005 жылдары «Қазақстан энциклопедиясы» бас редакциясында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2008 жылдан «Астана ақшамы» газетінде әдеби редактор. Бірнеше кітаптардың авторы. Ол Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына қатысты көптеген энциклопедиялық мақалалардың авторы.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub