Жазылбек Қуанышбаев ескерткіші

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:08, 2025 ж. қыркүйектің 22 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Монумент Жазылбек Қуанышбаев ескерткішіРеспубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген монументті өнер ескерткіші.

Орналасқан жері

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылы әкімдігі ғимаратының алды.

Орнатылған кезеңі

1962 жыл; мүсінші – Б. Төлеков, сәулетші – Т. Басенов.

Сипаты

Ескерткіш екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевқа 1962 жылы ауылдық кеңес үйінің алдына қойылған.
Қола мүсін (1,2 м) гранитті тұғырға орнықты портреттік бейнеде қойылған. Биік тұғыр (2,3 м) көлемі шаршы негізге (3,1х3,1 м) жонылған приамидалық дәстүрлі негізде орнатылған.
Жоғарғы беткі жағындағы шойыннан құйылып жапсырылған тақтада қазақ және орыс тілдерінде "Қуанышбаев Жазылбек Көктерек қаракөл совхозының аға шопаны СССР Одағы Жоғары Советі Президумының 1958 жылығы 29 марттағы Указы бойынша қой шаруашылығын өркендету ісінде аса көрнекті табыстарға жеткені үшін және жоғары қаракөл елтірісін алғаны үшін, екінші рет "Орақ пен Балға" Алтын Медалімен марапатталған" деп жазылған.<ref> С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері