Амангелді Иманов ескерткіші
Үлгі:Монумент Амангелді Иманов ескерткіші — Алматы қаласындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарындағы монументтік өнер құрылысы түріне жататын ескерткіш.
Мазмұны
Орналасқан жері
Алматы қаласы, М. Мәметова және М. Мақатаев көшелерінің қиылысындағы саябақ.
Орнатылған кезеңі және авторы
Ескерткіш 1947 жылы орнатылған. Сәулетші – Т.Қ. Бәсенов, мүсінші – Х.Н. Асқар-Сарыджа.
Тарихи дерек және ескерткіш сипаты
Ескерткіш Алматыдағы ең алғашқы монументалды ескерткіштердің бірі болды. 1916 жылы Ортаазиялық ұлт-азаттық қозғалыстың батыры Амангелді Иманов салт атта отырған кейпінде бейнеленген. Ескерткіште мүсінші Х.Н. Асқар-Сарыджа жобасының негізінде ХVII–XVIII ғарсылардағы батыс европалық және орыс бейнелеу дәстүріне тән «винт тәріздес құрылым» принципі қолданылған. Бұл нысандағы маңыздысы – А. Имановтың бет-әлпеті оның суреттердегі түріне айнымай ұқсауында. Бучарда техникасы мен оюлы безендіру қолданылған сұр граниттен жасалған тұғыр үстінде алып қола мүсін орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 6,3 метр. Жалпы композицияны төрт құмырадағы кішігірім гүлбақтар аяқтап тұрады.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>